Жаңалықтар

Бізге экономикалық байланысты дамытатын ірі жобалар қажет - Қазақстан президенті

Бізге экономикалық байланысты дамытатын ірі жобалар қажет - Қазақстан президенті
Фото: Ақорда 29.10.2024 12:34 1103

Президент Моңғолия премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездесті,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Мемлекет басшысы жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы орындау үшін екі ел үкіметтерінің бірлесе күш-жігер жұмылдыруы керек екенін атап өтті.

Бүгін сіздің еліңізге президент Хурэлсухтың шақыруы бойынша арнайы мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Қазақстан мен Моңғолияның арасындағы ынтымақтастыққа стратегиялық сипат беру үшін екі ел үкіметтері алдында тұрған міндеттерді айқындадық. Шын мәнінде, бізге экономикалық байланыстарымызды дамытуға тың серпін беретін өте ірі жобалар қажет, – деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм және білім салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ мемлекеттер басшылары деңгейінде қабылданған шешімдерді Моңғолия Үкіметі орындауға дайын екенін растады. Оның айтуынша, Ұлан-Батыр Қазақстанның даму жолын жіті зерттейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға