Жаңалықтар

Бізден осыны күтіп отыр. Ерлан Қошанов депутаттар не істеу керектігін айтты

Бізден осыны күтіп отыр. Ерлан Қошанов депутаттар не істеу керектігін айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz 20.04.2023 11:03 818

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарды Президенттің кешегі жиында айтқан тапсырмаларын ескеруге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол кеңеске өздеріңіз де қатыстыңыздар. Бұл – елдегі саяси өзгерістерден кейін болған ең ауқымды кеңес. Жиында президент әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді жан-жақты айқындап берді. Халқымыз қолға алынған рефомаларды зор үміт артып отырғанын, нақты іс-шараларға басымдық беру қажетін баса айтты,- дейді Ерлан Қошанов.

Ол әріптестерін азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға шақырды.

 Атқарушы билікпен конструктивті диалог орнатып, барлық түйткілді мәселені талқылап, жедел шешуді тәжірибеге, дәстүрге айналдыру қажет. Бұл билік тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуіне жол ашады. Сосын заңдар заман талабына, қоғам сұранысына сай әрі сапалы болуы қажет, - дейді Мәжіліс төрағасы.

Ол айналып келгенде депутаттардың нағыз кәсібилігі енді көрінеді. Сондықтан Үкіметтен ғана күтіп отырмай, қажет заңнамалық өзгерістерге өзіміз қорғаушы, бастамашы болуымыз қажет деп айтты.

Күн тәртібіндегі өткір мәселелерге дер кезінде сауатты, ең бастысы асқан жауапкершілікпен үн қата білуіміз керек. Сайлаушылар және қоғаммен күнделікті, үздіксіз, тығыз жұмыс істеуге тиіспіз. Оған біздің тәжірибеміз де, мүмкіндігіміз де жеткілікті, -деді Ерлан Қошанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға