31 Қазан 2025, 17:28

Бізде бомбадан сақтанатын орын барын білесіз бе?

Біз Алматы ауыр машина жасау зауытына (АЗТМ) барып, жұмысымен танысып қайттық. Бұл кәсіпорын еліміздің ауыр өнеркәсіп саласында 1941 жылдан бері, яғни 85 жылға жуық үздіксіз жұмыс істеп келеді. Зауытта ірі механизмдер, металл құрылғылары және өнеркәсіптік жабдықтар жасалады. Мұндағы өнімдер энергетика, мұнай-газ, тау-кен және құрылыс салаларына арналған. Мемлекет тарапынан кәсіпорынға индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолдау көрсетіліп отыр. Соның нәтижесінде зауыт цехтары жаңартылып, жаңа технологиялар енгізілген. Бұл өндіріс көлемін жыл сайын 15-20 пайызға арттыруға және жүздеген жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпорында қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмаған. Зауыт ішінде бомбадан сақтануға арналған арнайы орын бар. Бұл төтенше жағдай кезінде жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салынған. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдары майданға аттанып, оралмаған зауыт жұмысшыларын еске алу үшін арнайы тақталар орнатылған. Бұл тарихқа және еңбек адамына деген құрметтің белгісі. Жұмысшылардың бос уақыты мен денсаулығын да зауыт басшылығы ұмыт қалдырмаған. Зауыт аумағында футбол алаңы бар. Мұнда қызметкерлер спортпен айналысып, сергіп алады. Жалпы, АЗТМ өндірісті ғана емес, адам еңбегі мен қауіпсіздігін қатар бағалайтын заманауи зауыт. 85 жылдық тарихы бар кәсіпорынның тыныс-тіршілігін өз көзіңізбен көргіңіз келсе, бүгінгі шығарылымды көріңіз!