Жаңалықтар

Біз тыйым салмаймыз. Қарақат Әбденді мандатынан айыруға қатысты «Ауыл» партиясы пікір білдірді

Біз тыйым салмаймыз. Қарақат Әбденді мандатынан айыруға қатысты «Ауыл» партиясы пікір білдірді
Фото: El.kz 07.04.2023 16:35 1099

Бұған дейін құқық қорғаушы Дина Смайылова депутат Қарақат Әбденді мандатынан айыру керегін айтып, петиция жариялаған еді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Дина Смайылова Қазақстанда шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін салық салу туралы ұсыныстан кейін наразылығын білдірген. 

Дина Таңсәрі, әрине, азамат ретінде кез келген шешім қабылдай алады. Бірақ нақты сұрақтары болса, оған осында келуді немесе кездесуді ұсынамын. Кез келген сұраққа жауап беруге дайынбыз", – деді "Ауыл" фракциясының төрағасы Анас Баққожаев. 

Сонымен қатар Баққожаев фракцияның депутаттарға жеке пікірін білдіруге тыйым сала алмайтынын мәлімдеді.

Біз тыйым салмаймыз. Әр депутаттың жеке пікірі бар. Қарақат Әбден бұған дейін, президент сайлауына қатысқанда да бұл туралы айтқан. Фракцияның позициясы бөлек, депутаттың позициясы бөлек. Сондықтан бұл сұрақ фракцияда қаралады", – деп түйіндеді ол.

Анас Баққожаевтың айтуынша, фракция Қарақат Әбденнің ұсынысын әрі қарай дамытпайды. Себебі бұдан басқа да мәселелер бар дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға