Жаңалықтар

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Біз ойламаған ең лас 10 жер
Фото: © Pixabay.com 17.01.2024 15:55 2512

Таң қаларлығы, біл тізімде унитаз жоқ. Бірақ, біз ойламаған орындарды көзіңіз шалады.

1. Клавиатура

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Клавиатураның бір шаршы сантиметрінде 500 000 бактерия өмір сүреді. Оған себеп, адамдар клавиатураға жан-жақтан түрлі микробтарды алып келуі. Оған бөлмеде ұшып жүрген микробтардың қонуын қосыңыз... Осыншама бактерия жиналмас үшін күн сайын тазалық жұмыстарын жүргізіп, қолыңызды жиі жуыңыз.

2. Мобильді телефондар

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Телефон күн сайын түрлі орындарда болады. Қалтамызда жүреді, жұмыс үстелінде жатады. Ақша төлеу үшін транспортта, дәмханада тағы басқа орындарда қолданамыз. Бір сөзбен айтқанда бір тәулікте микробтың түр-түрін жинайды. Сол себепті, оны күнделікті тазалап отыру керек. Дұрысы, бактерияға қарсы сұйықтықты пайдалану.

3. Дәретханадағы қол құрғататын аппарат

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Осы аппарат қаншама бактерияның мекені екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Екі жақтан ыстық ауа арқылы кептіруге арналған түрін ерекше атап өтуге болады. Егер мүмкіндігіңіз болса, қағаз сүрткі пайдаланғаныңыз дұрыс.

4. Тіс щеткасы

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Тіс щеткасы адам ағзасына қауіпті 100 миллион бактерияны жинайды. Біз күн сайын тісімізді тазалап, өңіздерін кетіріп, тамақ қалдықтарын жуатынымызды ескерсек, бұл сенімді цифр. Сол себепті, әр үш ай сайын тіс щеткасын ауыстырып отыру керек. Бактериялардан арылту үшін ауыз шаятын сұйықтыққа отыз секунд салып қоюға болады немесе қайнаған суға малып алсаңыз да жарайды.

5. Кілттер

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Кілтте лифт батырмасындағыдай көп бактерия бар деген сенесіз бе? Ешқашан кілтті жумайтынымыз рас, оның үстіне лас қолымызбен ұстай береміз. Кейде соншама бактериясымен балаға ойыншық ретінде бере саламыз. Ендігі, кілтіңізді бактерияға қарсы сұйықтықпен жуып, сулы майлықпен сүртіп жүріңіз.

6. Әмиян мен ақша

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Бір қағаз ақшаның шаршы сантиметрінде орташа есеппен 30 000 бактерия өмір сүреді. Ескі ақшада тіпті гельминт, Кох таяқшасы, туберкулез бен менингит қоздырғышы бар болуы мүмкін. Сол үшін қағаз ақша ұстаған соң, міндетті түрде қолыңызды жуыңыз.

7. Кілемдер

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Кілемнің бір шаршы сантиметрінде унитазбен салыстырғанда 4 000 есе бактерия көп. Оны бактерияның сүйікті мекені етпес үшін жиі шаңсорғышпен тазалап, дақтарын екі шай қасық спирт қосылған сумен кетіріңіз. Ас содасы да бактериядан тазартуға көмектеседі.

8. Кіреберіс

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Кіреберіс сырттан келетін көптеген бактерияның мекені. Ол жердегі шкаф не кілемді жиі тазартып отырған дұрыс. Еденді де арнайы сұйықтықпен жуып отыру керек.

9. Ванна пердесі

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Бактерияның ылғал жерде көбейетіні мәлім. Ванна пердесі зеңнің ең жақсы көретін мекені. Оны көбіміз тазаламайтынымыз рас. Жоқ дегенде жетісіне бір рет кір жуғыш машинаның 40 градустық режиміне қойып, жуып тұрғаннан ешқандай зиян шекпейсіз.

10. Кір және ыдыс жуатын машина

Біз ойламаған ең лас 10 жер

Бұл екі машина да тазалық құралы болғанымен, өздері микробтың «отаны». Сондықтан, өздерін де айына бір рет машина тазартуға арналған арнайы сұйықтықпен жуған дұрыс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға