Біз нағыз еңбек адамын қолдауға тиіспіз - Бектенов
Фото: үкімет
Фото: үкімет
19.11.2024 12:32
392
Олжас Бектенов қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, масылдық көңіл-күйден арылу керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Олжас Бектенов алдағы Жұмысшы мамандықтар жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және ауылға қажетті мамандарды тартуға қуатты ынталандыру бола алатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, масылдық көңіл-күйден арылу керек екенін атап өтті. Біз нағыз еңбек адамдарын, қарапайым жұмысшыларды, еңбек әулеттерінің өкілдерін, кәсіпорындардағы, бизнес пен мемлекеттік сектордағы тәжірибелі қызметкерлерді қолдауға тиіспіз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.Жұмысшы мамандықтарды қолдау жұмыстары ақпараттық кеңістікте де жүргізіліп, барлық масс-медиа мен әлеуметтік желілерде қозғалуы тиіс. Мәдениет және ақпарат министрлігіне, барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге тапсырма берілді
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға