Жаңалықтар

Біз мұны күрекпен арттырамыз ба?: Депутат Дайрабаев ашуға булықты

Біз мұны күрекпен арттырамыз ба?: Депутат Дайрабаев ашуға булықты
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.04.2023 12:15 1119

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау тетіктері мен жеңілдетілген несие беру бойынша өткен Мәжілістің комитет отырысында депутат Жигули Дайрабаев жауапты басшыларды сын садағына алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын барысында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков еліміз бойынша корпорацияның 19 филиалы барын және бүгінге дейін 2,6 триллион теңгеге дейін несие берілгенін тілге тиек еткен.

Біз агроөнеркәсіп кешенінің әртүрлі инвестициялық және басқа да қызметтерді қаржыландырып, көктемгі егіс жұмыстарына қаражат береміз. Бұдан бөлек, корпорацияға 88 мыңға жуық фермер қарайды. Еліміз бойынша фермерлердің 31, 4 пайызын қамтып отырмыз. 2022 жылы корпорация кәсіпкерлерді 360 миллиард теңгеге қаржыландырды. Мәселен 2016 жылмен салыстырғанда қаржыландыру екі жарым есеге өсті. Осы жылы агроөнеркәсіптік субъектілерін қаржыландыру үшін 330 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырмыз, – дейді вице-министр.

Бірақ оның сөзі депутат Жигули Дайрабаевқа ұнаған жоқ. Ол фермелерге қатысты мәселені сынға алып, шаруашылықпен айналысып жатқан қант зауыттары ештеңемен басын ауыртпай отырғанын жеткізді.

«ҚазАгроҚаржы» басқарма төрағасы Айдар Прашев мырза үніңіз естілмейді. Сіз мына жалауды алып тұрып, фермерлердің алдына түсіп жүруіңіз керек. Бізге  қызметтеріңіз қызықтырмайды. Бізді қызықтыратыны әрбір фермердің жанайқайы мен мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін шешу. Президент тапсырмасын орындау. Мемлекет басшысы 2,5 пайызға еңбек өнімділігін арттыру керек деді. Біз мұны күрекпен арттырамыз ба?, – деді мәжілісмен Дайрабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға