Жаңалықтар

«Біз атаққа кешіктік»: Нұрлан Еспанов өміріндегі өкінішін айтты

«Біз атаққа кешіктік»: Нұрлан Еспанов өміріндегі өкінішін айтты
Фото: Видеодан алынған кадр 04.12.2023 09:45 7033

Әнші-сазгер Нұрлан Еспанов «Қызықты weekend» бағдарламасының кезекті қонағы болды. Өнер адамы өміріндегі өкінішін айтып, жобада жұбайымен ашық сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сазгердің сөзіне қарағанда, осы күнге дейін атақ алмаған. Жауаптылар қу шөппен ауызды сүртіп жүрген көрінеді.

Еңбек сіңірген қайраткер атағына, тағы басқа атақтарға ұсынды, бірақ олар мені алдап жүр ме, мен оларды алдап жүрмін бе, әйтеуір уақыты келгенде ала алмай қалып жүрмін. Біз атаққа кешіктік. Мақсат Базарбаев екеуміз ғана қалдық. Өткенде ол да «біз атаққа кешіктік» деп жазба қалдырып еді.  Бірақ бізге халық берген атақ бар, - дейді ол.

Еспанов енді атақ сұрамайтынын, құжаттарын да тапсырмайтынын алға тартып отыр.

Тыңдарманың болғанымен, сенің әндеріңді жоғары жақ естімейді. Сондықтан атақ сұрауды қодйым, құжаттарымды он жылдай тапсырып келдім, енді тапсырмаймын. Неге тапсыруым керек?! «Өзіңізді ұсыныңыз» дейді, өзімді қалай ұсынамын? Көздері бар емес пе? Мемлекеттік тапсырыстың бәрін тегін жаздым, талай әін солай жазылды. Бәрібір күтесің, - дейді ол.

Бұған дейін Нұрлан Еспановтың Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қазақ баласының тұсауын кескені туралы жазғанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға