28 Тамыз, 18:00

Биылғы жыл сәтті болды - Демеу Жадыраев

«Жанкүйер» подкастында эксклюзив шығарылым. Бұл жолы Париж Олимпиадасында атой салған грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев пен оның жеке бапкері Боранбек Қоңыратов болды. Жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген спортшы мен бапкері бір сағаттан астам емен-жарқын әңгімелесіп, елдің көкейіндегі біраз сұрақтарға жауап берді. Олимпиада алдындағы қиындықтар, дүниеге сәбиінің келуі, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовпен достығы және басқа да тақырыптар жөнінде әңгіме өрбітті.

Бөлісу: