Жаңалықтар

Биылғы "Еуразия" кинофестивалін кім ұйымдастыратыны белгілі болды

"Еуразия" кинофестивалі желтоқсан айында өтетін болады
Биылғы "Еуразия" кинофестивалін кім ұйымдастыратыны белгілі болды
23.11.2022 15:09 1443

Қазақстанда «Еуразия» кинофестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – ТМД және Орталық Азия елдеріндегі ең ірі кинофестивальдердің бірі және  кино әлеміндегі маңызды әрі ауқымды жоба, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ «Еуразия» кинофестивалі Federation Internationale des Associations de Producteurs de Films (FIAPF) аккредитациясына ие.

"Биыл мамыр және қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін ұйымдастыруға және өткізуге ашық конкурс жарияланды. Барлық тиісті рәсім Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізілді", – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта кинофестивальді өткізуге FIAPF ұйымының аккредитациясына ие компаниямен келісім-шарт жасалған.

Желтоқсан айында барлық талаптарды сақтай отырып, елімізде "Еуразия" кинофестивалі өтетін болады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға