Биыл азық-түлік бағасы 17 пайызға қымбаттаған
23.06.2022 22:25
1355
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2 пайызға, ай басынан бері 1,1 пайызға, жыл басынан бері 17,1 пайызға өсті, деп хабарлайды El.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюро мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің биылғы бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі бағадан 2,2 пайызға жоғары.
Бұдан бөлек кейінгі бір апта ішінде қырыққабат – 9,3% пайызға, картоп – 1,5% пайызға арзандаған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты тұздалмаған сары май, сиыр еті мен сүзбе.
ҚР бойынша биылғы орташа бағасы:
- Сары май – 3236 тг/кг
- Сиыр еті – 2195 тг/кг
- Сүзбе – 1712тг/кг
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО-да ауыл әкімі жол апатынан қаза тапты
Келесі жаңалық
Астанада заңсыз тұрғызылған тұрғын үй кешені сүріледі