Жаңалықтар

Биыл 576 ауылда 1100-ден аса жоба іске асады - ҰЭМ

Жалпы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам ауыл іріктелген.
Биыл 576 ауылда 1100-ден аса жоба іске асады - ҰЭМ
14.07.2022 00:26 1329

Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1100-ден аса жоба іске асады. Елді мекендерде әлеуметтік нысандар бой көтереді немесе ескісі жөнделеді, деп хабарлайды EL.KZ ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарды қалыпқа келтіру көзделген.

Жалпы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам ауыл іріктелген.

Ауқымды іс-шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отыр.

Сонымен қатар, жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары да жалғасады. Баспана алу мен салу үшін де бюджеттік несие қарастырылған.

«Дипломмен ауылға» жобасы іске асуда. Биыл осы жоба бойынша республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін 4300 жас маманды ауылдық елдімекенге тарту жоспарланған - дейді ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға