Жаңалықтар

Биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы ҰБТ тапсырады

Ұлттық бірыңғай тестілеу
10.03.2016 11:15 4088

Бүгін елордада Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу туралы өтініштер қабылдау басталды. 25 сәуірге дейін жалғасады. Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы тест тапсырады деп күтілуде. 192 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы ҰБТ тапсырады 

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің өкілдері мұғалімдермен, ата-аналармен және мектеп түлектерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мектептерде сынақтар, қосымша сабақтар жүргізілуде, сондай-ақ, жыл сайын түлектер психологиялық тұрғыдан дайындалады.

Еске салайық, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 1-15 маусым аралығында бұрынғы формат бойынша үш жерде өтеді.

Биыл 4 мыңға жуық елордалық оқушы ҰБТ тапсырады 

Өткен жылы Астана қаласының 99 түлегі тестілеуді сәтті тапсырып, «Алтын белгі» иегері атанғанын айта кеткен жөн. Былтыр Астана қаласында ҰБТ-ға 3399 мектеп бітіруші қатысты. Астана қаласының №59 орта мектебінің түлегі Риана Мұстафина ең жоғарғы 125 баллды жинады. Ал №10 және №70 орта мектептерінің екі түлегі 124 баллдан алды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің Астана қаласы бойынша орташа көрсеткіші 86,26 баллды құраған болатын.

ҰБТ Қазақстанда осымен 13-ші рет өткізілетінін айта кетейік.

Былтырғы жылы тестілеу таңдау пәнін қоса алғанда, 5 пән бойынша тапсырылды, сондай-ақ 3,5 астрономиялық сағатқа жалғасты. Биыл аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беру пәндері бойынша жылдық бағаны есептей келе, орташа арифметикалық баға қойылады.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға