Жаңалықтар

Биыл 4740 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Биыл 4740 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: gov.kz 20.06.2022 18:35 1257

2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 4740 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда 3,4%-ға артық, деп хабарлайды El.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Оның ішінде: 2425,2 мың м2 – көп пәтерлі үйлер; 2279,1 мың м2 – жеке үйлер.

Пайдалануға берілді: 95,6% - жекеменшік құрылыс салушылар; 4,4% - халық тарапынан.

«Биылғы жылдың қаңтар-мамыры аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының ұлғаюы Шымкент қаласында (44,5%-ға), Түркістан (17,7%-ға), Алматы және Қызылорда облыстарында (11%-ға) байқалды. Ал пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының төмендеуі Маңғыстау (15,6%-ға), Павлодар (9,3%-ға), Солтүстік қазақстан (6%-ға) облыстарында және Алматы қаласында (4,6%-ға) тіркелді», деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға