Жаңалықтар

Биыл жұмыртқа өндірісін субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті
Биыл жұмыртқа өндірісін субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді
Фото: baq.kz 09.11.2022 21:30 1615

Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері мен Қазақстан құс өсірушілер одағы, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы, сауда желілері мен Құс фабрикалары одағының басшылары Қазақстандағы құс шаруашылығының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының мәліметінше, 2022 жылдың 9 айында қазақстандық құс фабрикалары 2 млрд 790 мың дана жұмыртқа өндірген. Бұл бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңнен 7,8%  артық. Бұл көлемдер ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Жұмыртқа шаруашылығын дамыту үшін өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі тәуліктік балапандарды бір басына 60 теңге көлемінде сатып алуды субсидиялайды. Бұдан бөлек, субсидиялау қағидаларына толықтырулар енгізілді, оған сәйкес нақты өндіріс үшін жылына 5 млн данадан 3 теңге нормативпен жұмыртқа құнын арзандату үшін қолдау қайта қалпына келтірілді.

Жалпы, биыл жұмыртқа өндірісін субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді.

Құс шаруашылығы ұйымдарының субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі, салалық қауымдастықтар, Қазақстан құс өсірушілер одағы, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арасында меморандум жасалды. Оған сәйкес Азық-түлік корпорациясы мал және құс шаруашылықтарына тоннасын 117 мың теңге бағамен 150 000 тонна астық сатады, бұл нарықтық құнынан 30% төмен. Сондай-ақ жемдік астықты жөнелту бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалды. Аталған мемлекеттік қолдау тетігі келесі жылы да жалғасатын болады. Бұл мақсатта азық-түлік корпорациясы 2023 жылға арналған жем қорын құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға