Жаңалықтар

Биыл Жетісу облысына 2 млн турист келді – әкім

Биыл Жетісу облысына 2 млн турист келді – әкім
Фото: © ОКҚ 24.11.2023 13:17 787

Биыл Жетісу облысына 2 млн турист келген, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Өңір әкімі Бейбіт Исабаевтың сөзінше, Жетісу облысы аумағында туризмді серпінді дамытуға толық мүмкіндік бар.

Жалпы мониторинг деректеріне сәйкес, 10 айда облысқа 2 млн турист келген. Оның 1,5 миллионы Алакөл жағалауына келген.

Бейбіт Исабаев инфрақұрылымды дамыту мақсатында Алакөл мен Балқаш жағалауына апаратын жолдардың құрылысы келесі жылы толық аяқталатынын атап өтті.

Үшарал әуежайы былтыр толық жөндеуден өтті. Астанадан Ақшиге «Тальго» пойызының қатынасы ашылды. Сонымен қатар келесі жылы Балқаш көлі жағасында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы басталады, келесі жылға 2,1 млрд теңге бөлініп отыр. 2025 жылдан бастап Балқаш көлігінің жағасында демалыс орындары, қонақ үйлер салына бастайды, - деді облыс басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар биыл «Алтынемел» ұлттық паркі аумағында құны 2 млрд теңге тұратын визит-орталығы салынған.

Шаңғы-биатлон кешенін салу және Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеу бойынша жобалық құжаттама әзірленуде, келесі жылы дайын болады. Шоқан Уәлиханов мұражайына баратын жол жөнделді, мұражай қайта жаңғыртудан өтті. Сарқан ауданында Жасылкөлге дейінгі жолға орташа жөндеу жүргізілуде. Осы іс-шаралардың барлығы уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылса, 2024-2025 жылдары облыс аумағында туризмді серпінді дамытуға толық мүмкіндік бар, - деді Исабаев.

Бұған дейін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев  өңірдің бүгінгі қарқыны қандай екенін айтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға