Биыл «Жасыл ел» жасағына 30 мың жас қабылданды
Елордада «Жасыл ел» бағдарламасының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды El.kz.
«Жасыл ел» бағдарламасының еңбек маусымының республикалық жабылуы өтуде.
«Биыл бағдарлама аясында 14-24 жас аралығындағы жастар 3 ай жұмыс істеді. Олар әр түрлі жұмыс істеді. Бірі абаттандыру, бірі тазалық жұмыстарымен айналысты. Бұл тек жастарды жұмыспен қамту емес, экологиялық мәдениетті арттыруды көздейді. Әр өңірде 2000-ға жуық бала жұмыс істейді, олардың арасынан үздіктер, белсенділер марапатталып жатыр»,- деді «Жасыл ел» жобасының Қарағанды облысындағы филиалының жетекшісі Сұлтан Шаймағамбет.
Биыл бағдарлама аясында Қазақстан бойынша 30 мың жас жұмысқа орналасқан. 200-ден астам экологиялық акциялар мен әлеуметтік-қоғамдық іс-шаралар өткізілді.
Жабылу салтанатында оқушыларға арналған семинар- тренинг өткізіліп, психологиялық ойын ойнатылды.