Жаңалықтар

Биылғы сайлау ерекше мәнге ие - сарапшы

Белсенді қоғамдық бірлестіктер стандартты емес тұжырымдамаларды, жаңа тәсілдер мен шешімдерді ұсына алады.
Биылғы сайлау ерекше мәнге ие - сарапшы
Фото: дереккөз 22.09.2022 07:36 1645

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Гүлмира Тоқанова алдағы кезектен тыс Президент сайлауына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды EL.KZ институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы президенттік сайлау бастапқыда конституциялық реформаның логикасына байланысты болды. Конституция Президент жариялаған саяси трансформацияны жүзеге асырудың үштен бір бөлігіне дерлік жаңартылды. Сондықтан Президенттің, Парламенттің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу осы саяси институттарды қайта іске қосу үшін қажет. Екінші жағынан күрделі геосаяси жағдай қазақстандық қоғамның біздің ел дамуының нақты стратегиялық пайымына деген сұранысын өзектендіреді. Осыған байланысты сайлау ерекше мәнге ие болады - дейді сарапшы.

Ол сайлаудың ерекшеліктерін да атап өтті.

Біріншіден, сайлау қазақстандықтарды, біздің азаматтық қоғамды демократиялық трансформация идеясы төңірегінде біріктіруге мүмкіндік береді. Әрбір ересек қазақстандық үшін сайлау – бұл саясатты қалыптастыруға қатысу құқығын іске асыру, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстаным таныту мүмкіндігі. Екіншіден, саяси бірлестіктер мен олардың көшбасшыларының ел дамуына қатысты өз пайымдарын ұлттық ауқымда ұсынып, барлық қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін идеялары мен тетіктерін талқылауға мүмкіндігі болады. Белсенді қоғамдық бірлестіктер стандартты емес тұжырымдамаларды, жаңа тәсілдер мен шешімдерді ұсына алады - дейді ол.

Осылайша кезектен тыс сайлау бізге әділетті Қазақстанды құру үшін саяси институттар мен рәсімдерді демократиялық қайта құру бағытын бекітуге мүмкіндік береді. 

Негізгі саяси институттар сайлау арқылы сынақтан өтеді. Сонымен қатар алдағы сайлау – бұл саяси реформаларды дәйекті түрде іске асыру ғана емес, сондай-ақ қазақстандық қоғамды топтастыру және осы күрделі тарихи кезеңдерде билік институттарына сенім кредитін жаңарту мүмкіндігі - дейді саяси сарапшы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға