Жаңалықтар

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді
Фото: primeminister.kz 29.12.2023 09:00 817

Қазақстанда құқық тәртібі мен қауіпсіздік мәселелері ерекше назарда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша полиция азаматтармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға бағытталған қызметтің сервистік үлгісіне көшуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, өңірлерде жоспарлы түрде бейнебақылау камералары орнатылып, қауіпсіздік саласына жаңа цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, ҚР ТЖМ-нің табиғи өрттермен және өзге де төтенше жағдайлармен күрестегі әлеуетін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

2023 жылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету бойынша қол жеткізілген нәтижелер туралы Primeminister.kz редакциясының қорытынды шолуынан оқыңыздар.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді

Қоғамдық тәртіп және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау

Елімізде қылмыспен күрес бойынша кешенді шаралардың арқасында негізгі көрсеткіштер жақсарды.

●   Жалпы қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді, атап айтқанда, 1,4 мың ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді

● Адам өлтіру 11%-ға, ұрлық 27%-ға, бұзақылық 28%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 2%-ға азайды.

●  Мал ұрлығы дерегі 14%-ға азайды. Бұл бағытта 661 қылмыстың беті ашылып, 112 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді, мал ұрлаған 614 барымташы ұсталды.

● Қарақшылық 28%-ға, тонау 13%-ға, көшедегі құқық бұзушылықтар 8%-ға төмендеді.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді

● Елімізде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1,2 млн-нан астам бейнекамера орнатылған. Олардың көмегімен полицейлер 9,2 мың қылмыстың бетін ашып, 513 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

● Қоғамдық орындарда «SOS түймешелері» орнатылуда, бұл полицияның жедел басқару орталықтарының қызметкерлерімен жылдам байланыс орнатуға және қажетті ақпаратты жіберуге мүмкіндік береді.

● Ұялы телефон ұрлығының алдын алу үшін IMEI кодына және оның иесіне байланған нөмірлерді тіркеу жұмыстары жалғасуда, бұл ұрланған құрылғыларды жылдам бұғаттауға мүмкіндік береді.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді

● Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеу қағидаты қамтамасыз етілуде. Атап айтқанда, бүгінгі таңда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны 19%-ға (1,5 млн) көбейді. Олардың ішінде азаматтардың тыныштығын бұзу мен тыйым салынған жерлерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық және т.б. бар.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілдіПавлодар облысында «Полиция қызметінің қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда: Ситуациялық талдау орталығы құрылды, полиция басқармасының құрылымы қайта құрылды.

● Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді.

1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің арызданудан анықтау сипатына көшті. Бұл жәбірленушінің арызынсыз тиісті істерді қозғауға мүмкіндік береді.

Егер бұрын жәбірленушілердің 60%-ы арызданудан бас тартып, өтініш қараусыз қалған болса, қазір 94% жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар жауапқа тартылады. Нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғандар саны 3 есеге – 13 мыңнан 35 мыңға дейін өсті. Бұдан бөлек, қорғау нұсқамалары 62%-ға  – 51 мыңнан 82 мыңға дейін өсті.

Сонымен қатар тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты материалдардың жартысы татуласу арқылы сотта тоқтатылатын. Бұл агрессордың немесе туыстарының көндіру немесе қысым көрсету нәтижесінде болды. Енді 1 шілдеден бастап тек бір рет, сот арқылы татуласуға болады.

Сондай-ақ ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелерді құру шаралары жүргізілуде.

● Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды.

Оның аясында қарасора өсірілетін алқаптарға ғарыштық мониторинг жүргізілді. 265 есірткі плантациясы анықталды. Алынған мәліметтерді жер серіктері жасанды интеллект арқылы оларды одан әрі сәйкестендіру үшін пайдаланады.

Еуразиялық экономикалық комиссияға есірткі өндірісінде қолданылатын 14 жаңа затты бақылаудағы тауарлар тізіміне енгізу туралы ұсыныстар жіберілді.

«Арна» операциясы жүргізілді, оның барысында 2,5 тоннадан астам есірткі, атап айтқанда, 1 тоннадан астам «синтетика» және «опиоид» тәркіленді.

Жоспар аясында ІІМ-нің аумақтық бөлімшелеріне қажетті аппараттық-бағдарламалық кешендер, сондай-ақ ӘМ-нің сот сараптама орталықтары үшін зертханалық жабдықтар мен шекаралық бақылауды күшейту үшін тексеру құрал-жабдықтары сатып алынуда.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді2023 жылы Павлодар облысындағы шалғай ауылдардағы көлікті кезең-кезеңімен жаңарту аясында патрульдік полиция қызметкерлеріне 20 қызметтік көлік берілді. Автомобильдер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркегіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған.

● Биыл республикада 8,2 млн жол қозғалысы ережесін бұзудың жолы кесілді, 20,5 мың «мас» жүргізуші ұсталды, 22 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды.

● Өңірлерде жол қозғалысын автоматты түрде қадағалау үшін «Қорғау – Қауіпсіз жүргізуші» жүйесі енгізілуде. Ол жалған нөмірмен, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, айыппұл төлемейтін көліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйе арқылы жүргізуші куәлігінен айырылған 6,4 мың жүргізуші анықталып, 8,9 мың жалған нөмір тәркіленді.

● Биыл ҚР ТЖМ-нің құтқару бөлімшелері 76 мыңнан аса авариялық-құтқару шараларына шықты, 22 мыңнан астам адам құтқарылып, эвакуацияланды,  5 мыңға жуық азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

● ТЖМ-нің құтқару бөлімшелеріне 250-ден астам өрт сөндіру және арнайы техника, 2 мыңға жуық түрлі құтқару жабдықтары, 2 тікұшақ пен 70-тен астам пилотсыз ұшу аппараттары сатып алынды.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді2023 жылы Маңғыстау облысында өрт сөндірушілердің материалдық-техникалық базасы жаңартылды – 31 жаңа арнайы техника (автоцистерналар, өрт сөндіруге арналған автокөліктер, байланыс және жарықтандыру, авариялық-құтқару жұмыстарына арналған мамандандырылған автокөліктер, кинологиялық қызмет) сатып алынды.

● ТЖМ-нің жедел бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысы 10%-дан 77%-ға дейін көтеріліп, үстемеақылар мен қосымша ақылар енгізілді.

● Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін трансформациялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Негізгі бағыттардың бірі -  төтенше жағдайларды жоюдан оның алдын алуға көшу және халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

●  Су тасқынына қарсы іс-шаралардың үш жылдық жол картасын іске асыру аяқталды, бұл 214 елді мекенді су басу қаупін жоюға және тағы 607 елді мекенге төнген қауіпті азайтуға мүмкіндік берді. Бұл елді мекендерде жалпы саны 120 мыңға жуық тұрғын үй орналасқан, 550 мыңнан астам адам тұрады.

● Өрт қауіпсіздігін нығайту аясында биыл Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында 6 өрт сөндіру депосы салынды. Еліміздің 13 облысында 21 өрт сөндіру депосының құрылысы жалғасуда.

Бұл ретте нормалар бойынша өртке қарсы қызмет қарастырылмаған елді мекендерде 57 өрт сөндіру бекеті ашылып, 80 ерікті бөлімше құрылған.

● Республиканың орман қорындағы табиғи өрттерге жедел әрекет ету үшін өрт ошағын ерте анықтау жүйелері енгізілді.

● Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облысында су-құтқару станциясының құрылысы аяқталды.

●  Республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардағы жол-көлік оқиғаларына жедел әрекет ету үшін 8 медициналық құтқару бекеті жаңартылды.

Сондай-ақ республиканың 6 облысындағы Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелері төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшірілді.

● Алматыда жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлаудың автоматтандырылған жүйесінің станциялары орнатылды, халықты эвакуациялау үшін бағыттар мен орындардың схемаларына түзетулер енгізілді, медициналық бұйымдар мен құрал-жабдықтардың резервтері құрылды, халыққа жер сілкінісі болған жағдайда қалай әрекет ету қажет екені жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

● Сел қаупінен қорғауды қамтамасыз ету аясында ірі жоба жүзеге асырылды – сел ұстайтын «Аюсай» бөгеті пайдалануға берілді. 2024 жылы «Ақсай» бөгетінің, 2025 жылы «Қорғас» бөгетінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға