Жаңалықтар

Биыл Түркістан қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны кәріз жүйесімен қамтылмақ

Биыл Түркістан қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны кәріз жүйесімен қамтылмақ
Фото: Түркістан облыстық әкімдігі 11.10.2024 16:05 445

Түркістан облысына қарасты қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейін 100%-ға жеткізу бойынша жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірдегі 528,1 мың халқы бар 7 қаланың 6 қаласы кәріз жүйелерімен қамтылған. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау, Арыс, Леңгір, Жетісай, Шардараның 202,6 мың тұрғыны орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

Биыл су бұру саласы бойынша 15 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен тиісті қаржы қаралған. Соның ішінде, осы жылы Түркістан қаласындағы 3 нысаның және Сарыағаш қаласындағы 1 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қалған 11 нысан келесі жылға өтпелі. Жыл соңына дейін Түркістан қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар Сарыағаш қаласында жаңадан кәріз тазалау имараты іске қосылады, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, Түркістан қаласындағы 228 003 тұрғынның 83 335 тұрғыны, яғни 36,5% кәріз жүйелерімен қамтылған. Кәріз жүйелерінің ұзындығы – 127,5 шақырым. Облыс орталығында 27 дана кәріздік сорғы станциясы және қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 болатын кәріз тазалау имараты (КОС) бар. Қызмет көрсетуші мекеме – «Түркістан су» МКК. Қолданыстағы кәріз тазалау имараты 2010-2014 жылдары салынып, пайдалануға тапсырылған. Бүгінгі таңда БОС-1, БОС-2 тазартқыш имараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға