Жаңалықтар

Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы 228 мониторинг жүргізілген

Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы 228 мониторинг жүргізілген
Фото: martebe.kz 08.12.2022 15:41 1058

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Әрбір облыс және республикалық маңызы бар қала үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді.

Карта аясында биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы 228 мониторинг жүргізілді. 66 мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметі сыртқы талдаудан өтті. 

«Жалпы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептері мен жағдайларын жою, бизнес-процестерді жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту, заңнаманы жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдарға 2 мыңнан астам ұсынымдар мен ұсыныстар берілді.  Оның 70 пайызы орындалды», - деді Саян Ахметжанов.  

Осы орайда, өңірлердегі агенттіктердің жұмыс істеуінің басты бағыттары дəл осы тəуекелдер картасына негізделмек. 

Айта кететін мəселе, бұл карта өңірдегі проблемалардың шешілуіне байланысты тұрақты негізде жаңартылып тұратын болады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға