Биыл Шымкентте екі мың азамат әлеуметтік тұрғын үймен қамтылды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
22.11.2024 16:12
128
Биыл Шымкентте 2 004 азамат әлеуметтік тұрғын үймен қамтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл соңына дейін қосымша 1 270 пәтер беріледі.
Есепті кезеңде 978 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 42 пайызға өсті. Жыл соңына дейін көрсеткішті 1 млн 360 мың шаршы метрге жеткізу көзделуде, - деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, жергілікті «Қамқор» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қаржы 2 есеге арттырылып, кемінде 400 отбасыға жеңілдетілген несиелер беруге 8 млрд теңге қаржы бөлінді. Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек ретінде табыс деңгейі төмен 392 отбасыға тұрғын үй сертификаттары берілді.
Одан бөлек, «Отбасы банктің» тұрғын үй бағдарламалары арқылы 1 666 азаматты кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға