Жаңалықтар

Биыл шекара маңындағы 140 ауылда 290 нысан іске қосылады

Биыл шекара маңындағы 140 ауылда 290 нысан іске қосылады
Фото: t.me/AMANATPartiyasy 29.06.2023 13:45 850

Биыл шекара маңындағы 140 ауылда 290 нысан іске қосылады. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов «AMANAT» атынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде осы жылы 900 ауылда шамамен 200 млрд теңгеге 1800-ден астам жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Шекаралық аудандардың инфрақұрылымын дамыту бойынша биыл 140 ауылда 290 нысан іске қосылады. Ауылдарға бөлінетін қаражаттың тиімді және уақтылы игерілуін мәслихат депутаттары да ерекше назарда ұстауы керек. «Агломерацияларды дамыту туралы» заң Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларының айналасындағы елді мекендердің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Алматы агломерациясында «G4 City» жобасын іске асыру үшін арнайы экономикалық аймақ құрылды, - деді ол.

Үкімет басшысы моно және шағын қалаларда 74 жобаны іске асыруға 35 млрд теңге бөлінгенін еске салды.

Бұл сома жыл сайын 50 млрд теңгеге дейін көтеріледі. Сонымен қатар, моноқалаларда индустриялық аймақтарды дамыту үшін қажетті инфрақұрылым салынып жатыр. Биыл өңірлерді дамытуға республикалық бюджеттен 7,2 трлн теңгеге трансферттер бөлінді. Жыл соңына дейін келесі негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуіміз керек. Экономиканың нақты өсімі 4,5-5%, халықтың нақты жалақысының өсуі – 4,6% болуы керек, ал жұмыссыздықтың деңгейі 4,8%-тен аспауы тиіс, - деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға