Жаңалықтар

Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр

Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр
Фото: t.me/KZgovernment 10.05.2024 12:13 581

2023 жылғы маусымда шегірткелердің таралу аумағының үлкен болуына байланысты биыл 2,5 млн шақырым алаңда химиялық өңдеулер жүргізу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шегірткенің ең көбі Ақтөбе облысында - 784 мың гектар, Қостанай облысында - 775 мың гектар және Түркістан облысында 272 мың гектар алаңда таралады деп күтілуде. Өңдеуді жүргізуге арналған барлық қажетті ресурстар бар екенін айта кету керек. Биыл үйірлі шегірткелермен күресуге республикалық бюджеттен 8,1 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта шегірткелермен күресу үшін пестицидтер қоры уақтылы сатып алынды, - деді министр.

Айдарбек Сапаров өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техникалар жеткілікті екенін атап өтті.

Сонымен қатар шекара маңындағы аумақтардағы шегірткелер бойынша жағдай үнемі қадағаланып отырады. Өткен жылғы жағдайды болдырмау мақсатында әкімдіктер шегірткелерге қарсы күрес мәселелеріне өте мұқият және жауапкершілікпен қарауы керек, - деді ауыл шаруашылығы министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға