Жаңалықтар

Биыл республикалық маңызы бар жолдарға 7 миллион тонна асфальт төселеді

Биыл республикалық маңызы бар жолдарға 7 миллион тонна асфальт төселеді
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 28.05.2024 09:14 489

«Астана – Алматы» автомобиль жолын реконструкциялау жобасын жүзеге асыру аясында шамамен 2,5 миллион тонна асфальт төсеу жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға бір миллион тоннаға жуық асфальтбетон төселді. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғайтын «Орталық – Оңтүстік» дәлізін реконструкциялау жобасына 560 мың тонна асфальтбетон төселген. «Ақтөбе – Қандыағаш» жобасында 125 мың тонна асфальт төселді, - деді Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

«Талдықорған – Өскемен» тасжолын реконструкциялау барысында 638 мың тонна асфальтбетон пайдалану көзделген. Ал «Атырау – Астрахань» автожолын реконструкциялауды аяқтауүшін 500 мың тоннаға жуық асфальтбетон төсеу жоспарлануда.

Биылғы жол құрылысы маусымы аясында ҚР Көлік министрлігі 12 мың шақырым жолды құрылыс жұмыстарымен қамтымак. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Мәселен, республикалық маңызы бар 5,3 мың шақырым жолда жөндеу жұмыстары жалғасын тапса, 4,2 мың жергілікті маңызға ие жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Сонымен қатар Көлік министрлігі салынғаннан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жолдарды орташа жөндеумен қамту бойынша жаңа ауқымды бағдарламаны іске асырады. 2,5 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Бұл облысаралық байланысты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, 4 облыстың аумағы арқылы өтетін «Жезқазған – Петропавл» автожолы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» тасжолын, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында Өскемен мен Семей арасындағы автомобиль жолы жөнделмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға