Жаңалықтар

Биыл реконструкциядан өткен 1 мың шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі

Биыл реконструкциядан өткен 1 мың шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі 30.08.2023 18:29 768

Жыл соңына дейін реконструкциядан өткен 1 мың шақырымнан астам жол пайдалануға берілмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылы 6,4 мың шақырым автожол жол-құрылыс жұмыстарымен қамтылды, соның 3,6 мың шақырымы – қайта жаңарту болса,2,8 мың шақырымы – жөндеу жұмыстары. Аталған жобаларда 8 мыңнан астам жол-құрылыс техникасы мен 12 мың маман жұмылдырылды. 

Жыл қорытындысы бойынша 1 мың шақырымнан астам жаңа жабыны бар қайта жаңарту учаскелері бойынша қозғалыс ашу және жыл соңына дейін 856 шақырымын пайдалануға беру көзделген. Бұдан бөлек, тозу қабатын қалпына келтіру бойынша орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізу қорытындысы бойынша 826 шақырымды пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп жазылған министрліктің мәліметінде. 

Бұл ретте жобаларды іске асыру барысында жол-құрылыс жұмыстарының қымбаттауына және жобаны түзетуге байланысты қиындықтар туындады, оған жұмыстарды аяқтаудың жалпы мерзімдеріне әсер еткен қосымша уақыт жұмсалды.

Батыс өңірлердегі жобаларға 1 мың шақырымнан астам тасымалдау қашықтығына байланысты темір жол көлігімен инертті материалдарды жеткізудегі тапшылық пен күрделілік айтарлықтай әсер еткен. 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға