Жаңалықтар

Биыл қазақстандықтардың қазақ тілінен білімі тексеріледі

Биыл қазақстандықтардың қазақ тілінен білімі тексеріледі
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 03.01.2024 11:40 2634

Биылдан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары және студенттер қазақ тілінен емтиханды тапсырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ереже 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізілді.  Мамыр айында мемлекеттік тілді білу деңгейінен тестілеу өткізіледі. 

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, тестілеу жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу секілді дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер өздері дайындайды. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады. Бұл ретте 2024 жылы қазақ тілін меңгеру деңгейлері енгізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы сынақтар өткізіп, сертификаттар береді.

Тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест төмендегідей жағдайда міндетті болып табылады:

магистратура мен докторантураға түсетін студенттерге;

мемлекеттік қызметтің "А" органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлерге (жоғарғы кадрлық құрам); "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерге;

ҰҚК академиясына түсуге өтініш білдірген студенттерге;

"Назарбаев Зияткерлік мектебінің" мұғалімдеріне.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға