Биыл қант диабетімен күреске 70 млрд теңге жұмсалады
Қазақстанда қант диабетімен күреске жұмсалатын қаражат көлемі жыл санап өсіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Егер 2021 жылы қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға 31 млрд теңге жұмсалса, 2024 жылы 56,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі сатып алынған. Ал 2025 жылғы жоспар – 70 млрд теңге. Жыл сайын қант диабетін емдеуге арналған дәрі-дәрмек шығындарының көлемі жыл сайын 24 пайызға артып отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды.
2024 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны жарты миллионнан астам (522 224):
І тип: 29 889 (5%),
ІІ тип: 492 335 (95%).
2024 жылы қант диабетін анықтау бойынша 1,6 миллион адам скринингтен өтсе, олардың 10 пайызынан гипергликемия белгілері анықталған.