Жаңалықтар

Биыл мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге кіріс түсті

Биыл мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге кіріс түсті
Фото: commerce.com.ua 14.03.2023 12:47 902

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биылғы екі айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда, 3,4 трлн теңге шамасында кіріс түсті. Жоспар 107,6%  орындалды. Сондай-ақ республикалық бюджетке 2,5 трлн теңге кіріс түсіп, жоспар 100,5% орындалды, - деді Қаржы министрі.

Кірістер бойынша жоспар 12 млрд теңгеге, оның ішінде салықтық емес кірістер 20 млрд теңгеге орындалған.

Салықтар бойынша жоспар 8 млрд теңгеге орындалмаған. Оның негізгі сомасы пайдалы қазбаларды өндіру салығына, корпоративтік табыс салығына және шикі мұнайға, экспорттық бажға тиесілі. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы және экспорттық кедендік баж бойынша жоспардың орындалмауына қаңтар, ақпан айларында негізгі экспорттық төмендеуі себеп болған, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға