Жаңалықтар

Биыл мектеп бітіруші түлектер аттестатты Egov Mobile мобильді қосымшасынанан алады

Биыл мектеп бітіруші түлектер аттестатты Egov Mobile мобильді қосымшасынанан алады
Фото: ОКҚ 15.05.2024 21:29 519

Биыл оқу жылын бітіруші түлектер аттестаттарын Egov Mobile мобильді қосымшасынан алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова хабарлады. Оның айтуынша, биылдан бастап негізгі және орта білім беру бойынша аттестаттарды цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім туралы дипломдар цифрлық форматта Egov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды.

Сондай-ақ Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы ақпарат» жаңа цифрлық құжаты іске қосылды. Бұл баланың балабақшада, мектепте немесе колледжде оқитынын растайтын құжат. Мұнда баланың білім беру ұйымының деректері көрсетіледі. Осы орайда 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап оқу орнынан қағаз түріндегі анықтамаларды талап ету тоқтатылды. Бұл білім беру ұйымдарында цифрлық бақылау, жемқорлық пен балабақшалардағы бала санын жалған көрсету фактілерінің алдын алады, - деді спикер.

Ол eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» сервисі іске қосылғанын да мәлімдеді. Жаңа сервис білім, білім беру ұйымын бітіргені, қорғаншылық және қамқоршылық туралы мәліметтерді, баланың профилін және педагог портфолиосын қамтитын бірнеше бөлімнен тұрады. 

Ұлттық білім беру деректер базасында мектепке педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модуль іске қосылды. «Педагог портфолиосы» - бұл педагог, жұмыс тәжірибесі, аттестаттаудан өту, марапаттар, тәлімгерлік туралы деректерді қамтитын мұғалімнің электрондық құжаты. Жұмыс іздеу және қажетті персоналды ашық іріктеу мақсатында «Электрондық еңбек биржасы» платформасымен интеграциялау жоспарлануда, - деп толықтырды спикер.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға