Жаңалықтар

Биыл медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі артады

Қаражат құю 11%-ға немесе 2 трлн 488 млрд теңгеге дейін ұлғаяды
Биыл медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі артады
Фото: tolqyn.kz 18.01.2023 01:25 1068

Биыл медициналық қызметтерді қаржыландыруды 11%-ға немесе 2 трлн. 488 млрд теңгеге дейін ұлғаяды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде білікті мамандардың қосқан үлесі өте зор. Оларға тиісті жағдай жасау және жалақы мөлшерін көтеру де министрлік назарынан тыс қалмайды. Осы орайда, медицина қызметкерлерінің табысын арттыру мақсатында 2022 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға ұлғайтылды (416 мың теңге), орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 20%-ға ұлғайтылды (208 мың теңге), биыл қаржылық қолдау жалғасатын болады. 2023 жылы медициналық қызметтерді қаржыландыруды 11%-ға немесе 2 трлн. 488 млрд.теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлаудамыз. Сонымен қатар, біз медициналық көмектің басым бағыттары бойынша, оның ішінде медицина қызметкерлерінің орташа жалақысының өсуін ескере отырып, тарифтерді қайта қарадық, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта республикада денсаулық сақтаудың кадр ресурстарына қажеттілік 7,7 мыңнан астам штат бірлігін құраса, оның ішінде дәрігерлер шамамен 3,9 мың маман, орта медицина қызметкерлері шамамен 3,8 мың маманға тең.

Министрлік дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру және отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. 2022 жылы жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден астам 177 бірлік медициналық техника сатып алынып, өңірлерге бөлінді.

Фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің үлесін 50% - ға дейін ұлғайту үшін сайлауалды платформаны орындау шеңберінде 2025 жылға қарай «Big Рһаrма»–мен жұмыс жалғастырылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға