Биыл көліктің барлық түрімен 639,7 млн жолаушы тасымалданды
15.06.2023 03:38
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,9% артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде ең жоғары өсім әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар бойынша – 30,1%, троллейбуспен тасымалданған жолаушылар саны 22,5% өскен. Автобус және пойызбен тасымалданған жолаушылар санының өсімі тиісінше 12,1% және 9,3%. Бұл ретте трамваймен тасымалданған жолаушылар саны 25%, такси жолаушыларының саны 2,2% азайған.
Аталған кезеңде жолаушылар айналымы 27,6 млрд ж-км құрады, көрсеткіш 17,1% артты.
Айта кетейік, тасымалданған жолаушылардың 29,3% Алматы қаласына тиесілі, сондай-ақ алғашқы үштікте Астана мен Қарағанды облысы, тиісінше 12,5% және 7,7%.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

