Биыл көлік полицейлері 20 млн жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етті
Көлік полицейлері әуе және теміржол көлігі объектілерінде құқық бұзушылықтарға қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ІІМ көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, 2025 жылдың басынан бері көлік полицейлері теміржол және әуе көлігін пайдаланған 20 миллионға жуық азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Яғни теміржол көлігімен сапар шеккен 11 миллионға жуық жолаушы мен әуе қатынасын пайдаланған 8,9 миллионнан астам жолаушының құқықтары мен қауіпсіздігі қорғалған.
Мәселен, осы жылдың 6 айында Астана қаласының халықаралық әуежайы арқылы өткен жолаушылар ағыны 4,3 миллионнан асты. Нақтырақ айтқанда, ішкі бағыттар бойынша 2 997 981 жолаушы, ал халықаралық бағыттар бойынша 1 376 954 жолаушы тіркелді.

