Жаңалықтар

Kazakh Invest қолдауымен 6 млрд доллардан асатын қаржыға 45 жоба іске асады

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті
 Kazakh Invest қолдауымен 6 млрд доллардан асатын қаржыға 45 жоба іске асады
Фото: primeminister.kz 30.09.2022 09:22 977

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz.

Онда компанияның даму жоспарын іске асыру нәтижелері және бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов өткен жылы компания даму көрсеткіштерін, оның ішінде қаржылық және инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі көрсеткіштерді орындағанын баяндады.

Биыл «Kazakh Invest» қолдауымен жалпы сомасы 6 млрд доллардан асатын шамамен 45 жобаны іске асыру және пайдалануға беру жоспарлануда.

Премьер-Министр шетелдік инвестициялар үшін жаһандық күрес жағдайында «Kazakh Invest» алдында Қазақстан экономикасына ірі корпорацияларды тарту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Бұл бағытта тиісті мүмкіндіктерді пайдаланып, шетелдік инвесторлармен проактивті түрде жұмыс жүргізу керек. Бұл үшін Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған», - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар отырыста Қазақстанның 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасына сәйкестендіру үшін компанияның 2018-2027 жылдарға арналған даму стратегиясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Тұжырымдамаға сәйкес, жыл сайын шамамен 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар ағынын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға