Жаңалықтар

Биыл елордада нан зауыты мен көкөніс қоймасы іске қосылады

Биыл елордада нан зауыты мен көкөніс қоймасы іске қосылады
Фото: 7kun.kz 07.02.2023 12:10 1459

Елордада жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрі бойынша бағасының өсуі 2,5% құрады. Оның негізгі үлесі көкөністерге тиесілі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлардың барлық 14 түрінен 35 мың тоннасын жеткізуге 14 келісімшарт жасалды. Оның 60% немесе 20 мың тоннасы көкөністерге тиесілі. Бұл жеткіліксіз екенін ескере отырып, ағымдағы жылы мамыр-маусым айларында 1800 тонна импорттық көкөністерді жеткізуге келістік. 1 млрд 600 млн теңге қаражатқа 3500 тонна қант жеткізуге келісімшартқа қол қойылды», - деді әкім.

Сонымен қатар, 500-ге жуық сауда сауда обьектілеріне жасалған мониторингтің қорытындысы бойынша негізгі бағаны көтеретіндер базарлар мен үй жанындағы дүкендердің сатушылары екендігі анықталғанын айтты.

«195 сауда обьектілеріндегі сауда үстемесіндегі баға төмендетілді. Барлық сауда желілеріндегі баға нарығын 10%-дан асырмауға келістік. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 позициясы бойынша қала жыл сайын 600 тонна тұтынады. Оның ішінде 3 өнім түрін ғана өндіреміз. Қалған 16 түрі басқа өңірлерде өндіріліп импорттық тауар түрінде жеткізіледі. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін тамақ саласында өндіріс көлемінен 72 мың тонна құрайтын 8 жоба іске асырылуда және қуаты 14 мың тонна құрайтын 2 жылыжай кешені салынды», - деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, өңірде 2 көтерме-тарату орталығы, 2 қойма кешені, 2 көкөніс қоймасы және 2 заманауи базар салынып жатқанын атап өтті.

«Осы жылы нан зауытын, сондай-ақ 6 мың тонна сақтауға мүмкіндік бар көкөніс қоймасы іске қосылады. Аграрлық индустриялық аймақ құруды жоспарлап отырмыз. Ол үшін тамақ өнеркәсібіндегі егін жобаға 116 гектар жер аумағы беріліп отыр. Инвестиция көлемі 100 млрд теңгені құрайды», - деді Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға