Жаңалықтар

Биыл елордада 1 млн жасыл желек отырғызылады

Биыл елордада 1 млн жасыл желек отырғызылады
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 30.07.2023 06:20 1002

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жаңа тұрғын үй кешендерінің аумағын абаттандыру жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің айтуынша, биыл жоспар бойынша қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспары қайта қаралған. Жеке құрылыс салушылардың мойнына жасыл желектер санын көбейту міндеті жүктелді.

Бірінші кезең бойынша 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтимыз. Бұл жасыл желектер санын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, құрылыс салушылар ТК аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызатын болады. Құрылыс салушылардың алдында үйлерді сапалы күйде салып қана қоймай, тұрғын үй кешендерінің аумағын абаттандырумен, көгалдандырумен де айналысу міндеті тұр, - деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, жалпы, биыл қалада бір миллион жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызу жоспарланған. Оның 500 мыңы – қаланың жасыл белдеуі аумағында.

Біз бұл деңгейді алдағы жылдары да сақтаймыз. Бұл Астананы бақша қаласына айналдыруға мүмкіндік береді. Ал басымдық жапырақты ағаштарға беріледі, - деді әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға