Жаңалықтар

Биыл елімізде балаларға арналған 3 аутизм орталығы ашылды

Олар Тараз, Орал және Қарағанды қалаларында орналасқан.
Биыл елімізде балаларға арналған 3 аутизм орталығы ашылды
Фото: inform.kz 25.11.2022 08:32 1431

Балалар жылы елдегі үш қалада аутизмге шалдыққан балақайларға арнап жаңа орталықтар ашылды, деп хабарлайды El.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал келесі – 2023 жылы 11 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 11 түзету кабинеті және 1 оңалту орталығы ашылады. Олар балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық қолдау көрсетуге аса қажеттілік байқалатын өңірлерде іске қосылады.

Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылға дейін ПМПК желісін 50 000 балаға шаққанда 1 ПМПК есебінен 125-ке дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. ПМПК және түзету кабинеттерінің саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өткім келеді. Қарағанды, Ақтау, Шымкент қалаларында, Маңғыстау және Алматы облысында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылды. Түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының саны да артып келеді. Соңғы екі жылда 13 түзету кабинеті ашылды. Яғни балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту айтарлықтай кеңейіп жатыр. Бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Кудеринова.

Бүгінгі күні елімізде 89 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 13 оңалту орталығы жұмыс істеп тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға