Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жартылай ақталған немесе толық ақталған/тазартылған немесе уатылған 107,8 мың тонна күріш өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз.
Өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті.
Бұл ретте импорт өнімінің үлес салмағы 15% құрады.
Бұл ретте күріш экспорты да 9,9%-ға, 69,8 мың тоннаға дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-шілде – 63,5 мың тонна). Биылғы 7 айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7%-ға кем.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

