Жаңалықтар

Биыл егін жинау науқанында ауа райы қолайсыз болды - АШМ

Биыл егін жинау науқанында ауа райы қолайсыз болды - АШМ
Фото: © Pixabay.com 19.09.2023 18:05 1475

Ауыл шаруашылығы виц-министрі Әбілқайыр Тамабек Жамбыл және Павлодар облыстарында болған қатты ыстық пен судың аздығы, солтүстіктегі ұзақ жаңбыр егінге қолайсыз болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты күзгі дала жұмыстарының барысы туралы, сондай-ақ биыл ауа райынан зардап шеккен фермерлерді қолдау шаралары қабылданды, - деді ол.

Оның сөзінше, егіс науқаны сапалы тұқымдармен оңтайлы уақытта жүргізілді.

Фермерлер тыңайтқыштарды уақытында енгізді, дақылдарды арамшөптер мен ауруларға қарсы химиямен уақытында өңдеді. Жаппай егін жинау жұмыстарының басталуына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлық қажетті техниканы дайындады, - деді ол.

Вице-министр берген ақпаратқа сәйкес, республикада егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған 149,9 мың трактор, 38,6 мың астық жинайтын комбайн, 13,5 мың орақ бар.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін 426 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны, оның ішінде 58 мың тонна азық дайындау жұмыстарын жүргізу үшін бөлінді. Дизель отынының бұл көлемі Энергетика министрлігімен бірлесіп келісіліп, кестемен бекітілді. Барлық шығыстарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға литріне 250 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15%-ға төмен, - деді ол.

2023 жылғы 18 қыркүектегі жағдай бойынша маусым-қазан айларында 426 мың тонна дизель отыны тиеп-жөнелтілуі керек болатын, 250,0 мың тонна (59%) төленді, 250,0 мың тонна (52%) тиеп-жөнелтілді.

Облыстардың әкімдіктері астық қоймаларының жаңа өнім алуға дайындығын қамтамасыз етті. Егін жинау науқаны кезіндегі басты проблема – фермерлерді қаржымен қамтамасыз ету, - деді Әбілқайыр Тамабек.

Айта кетейік, республикада астық сақтайтын жалпы сыйымдылық 29,9 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13,1 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 16,8 млн тонна.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға