pexels.com

Биыл дүниеге келген сәбилерге ең жиі қойылған есімдер белгілі болды

27.05.2025 15:15

Қазақстанда 2025 жылы дүниеге келген сәбилерге ең жиі қойылған есімдер белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл деректерді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Есімдер тізімі 1 қаңтар мен 22 мамыр аралығында тіркелген нәрестелердің есімдері негізінде жасалды.

Ұл балаларға ең танымал есім – Айсұлтан, ал қыздар арасында Айлин есімі көш бастап тұр.

2025 жылғы ұл балаларға ең көп қойылған 25 есім:
Айсұлтан, Мұхаммед, Омар, Алихан, Рамазан, Алдияр, Мухаммад, Амир, Алан, Хамза, Әли, Нұрислам, Альтаир, Айбар, Ислам, Алинұр, Муслим, Мансұр, Дінмұхаммед, Зейін, Ибраһим, Мирас, Хақназар, Арлан, Арсен.

Қыз балаларға ең көп қойылған 25 есім:
Айлин, Медина, Асылым, Айша, Мариям, Томирис, Аяла, Сафия, Раяна, Айым, Амина, Адия, Хадиша, Зере, Хадия, Ясина, Айару, Айкөркем, Айзере, Кәусар, Аиша, Ясмина, Жасмин, Фатима, Айдай.

Оқи отырыңыз: 

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы Қазақстанда ең сирек қойылған есімдер де белгілі болған еді: Акиль, Алим Хан, Христос, Тынар, Темир-Султан, Сэмюэл, Симеон, Сейфадин, Прохор, Марьян, Майяр, Илиан, Гурами, Гамлет, Варлам, Буслай, Божен, Артурий, Анувар и Қасымағали.