Жаңалықтар

Биыл ауылды жерлерде 556 медициналық нысан пайдалануға беріледі

Биыл ауылды жерлерде 556 медициналық нысан пайдалануға беріледі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 27.02.2024 23:19 781

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының шеңберінде 2024 жылы ауылдық жерлерде МСАК деңгейінде 556 медициналық нысан салу қажеттігі айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. Ұлттық жобаның бірінші міндетінің шеңберінде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2023 жылы 92 МСАК объектісінің құрылысы аяқталды, 7 жоба мерзімдерін бұза отырып аяқталады. Бүгінгі таңда 239 жоба бойынша ЖСҚ бар, 317 жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында.

Бүгінгі таңда әкімдіктер конкурстар өткізіп, нысандарды салуға 109 шарт жасасты, оның ішінде 99 объектіге ЖАО-ны қоса қаржыландыру көзделген (10%), бұл ретте республикалық бюджеттен 58 нысан қаржыландырумен қамтамасыз етілген.

Жалпы, 2024 жылға арналған қосымша қаржыландыру қажеттілігі 498 МСАК нысанын салуға 99,6 млрд. теңгені құрайды.

Ұлттық жобаның екінші міндетінің шеңберінде 32 аудандық аурухананы жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 12 жоба бойынша ЖСҚ бар, оның ішінде 9 жоба республикалық бюджеттен қаржыландырумен қамтамасыз етілген.

Ұлттық жобаның шеңберінде 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 млрд. теңге көлемінде шығыстар көзделген. Бұл шығыстар жоғары мамандандырылған жабдықпен толық жарақтандыруға көзделген.

2023 жылы диагностикалық жабдықты (УДЗ), зертханалық жабдықты, реанимациялық жабдықты, рентген-диагностикалық, физиотерапиялық, хирургиялық және эндоскопиялық бейнеақпараттық жабдықты қоса алғанда, жалпы сомасы 10,5 млрд теңгеге 1800 бірлік медициналық техника сатып алынды. 2024-2025 жылдары 23,1 млрд теңге сомасына ангиографтар, МРТ, КТ сатып алу жоспарланған.

Ұлттық жобаны денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі үшінші міндеттің шеңберінде Министрлік өңірлермен бірлесіп талдау жүргізді, деп атап өтті ведомство басшысы.

655 МСАК нысаны үшін кадрларға жалпы қажеттілік 254 медицина қызметкерін, оның ішінде 46 дәрігерді және 208 орта медициналық персоналды құрайды. 32 көпбейінді аудандық орталық ауруханалар үшін – 898 медицина қызметкері (486 дәрігер және 412 мейіргер). 2023 жылы МСАК - 39 нысанына және КАОА - 89 жас маман жұмысқа орналастырылды. Биыл МСАК нысандарына жұмыс істеу үшін 215 грант иегерін жіберу жоспарлануда.

Алдағы екі жылда КАОА нысандары әкімдер гранттарының есебінен оқыған жас мамандардың қатарынан бейінді мамандықтар бойынша 486 дәрігерімен және 323 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілетін болады. Әлеуметтік пакеттер өңір қаражаты есебінен тұрғын үй, көтерме төлемдер және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары түрінде көзделетін болады.

Ұлттық жобаның шеңберінде 3 міндетті іске асыру көзделгенін естеріңізге сала кетейік: біріншісі – 655 МСАК нысанын (257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулатория) салуды қамтитын ауылдық елді мекендерді МСАК ұйымдарымен қамтамасыз ету. Екіншісі – жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханаларды жаңғырту (ғимараттарды күрделі жөндеу, реконструкциялау, инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық оңалту, травматология және ортопедия, хирургия, реанимация, қарқынды терапия және т.б. бөлімшелер ашу) және оларды жарақтандыру арқылы 32 заманауи көпбейінді орталық аудандық аурухананы ұйымдастыруды қамтитын ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру. Үшінші міндет – ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету. Осы міндет бойынша ауылдық денсаулық сақтау нысандары үшін 1100 медицина қызметкерін даярлау жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға