Жаңалықтар

Биыл атаулы әлеуметтік көмек 94,2 мың отбасына берілді

Биыл атаулы әлеуметтік көмек 94,2 мың отбасына берілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.05.2023 06:45 1389

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жас пен 6 жастағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің заттай түрінен, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) ақшалай қосымша төлем түріне ауыстырылды.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға