Жаңалықтар

Биыл Астанада жол ережесін бұзған 11 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

Биыл Астанада жол ережесін бұзған 11 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 25.07.2023 14:28 926

Елордада жыл басынан бері 88 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзудың жолы кесілді. 11 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жыл басынан 88 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзудың жолы кесіліп, оның ішінде 11 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Көлікті мас күйінде басқарған 730 жүргізуші ұсталды. Сот шешімімен 573 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 702 адам қамауға алынды.

Бұзылған жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркеуді кеңейту аясында «Қорғау» мобильді қосымшасы пайдалануға берілгені белгілі. Жобаны жүзеге асырғалы бері жалған мемлекеттік нөмірді қолданған 106-ға жуық жүргізуші анықталды. 1500-ден астам құқығы жоқ және 322 құқығынан айырылған жүргізуші белгілі болды.

Халық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуда. Жыл басынан жол қозғалысы ережелері арқылы 44 мыңнан астам хабарлама түскен («109» арнасы – 5942 және «102» арнасы – 38486), олар бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданған. Тұтастай алғанда, қабылданған шаралар мен «Қорғау» бағдарламасын жүзеге асыру көлік тәртібін жақсартуға және апатты азайту шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етіп келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға