Жаңалықтар

Биыл Алматыда көктем ерте шығады - Қазгидромет

Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7°С болады
Биыл Алматыда көктем ерте шығады - Қазгидромет
Фото: 24.kz 03.02.2023 15:14 2112

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына Астанадан онлайн қатысқан «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әділ Ахметовтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша Алматыда көктем ерте шығады.

Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7°С, күндіз +10+15°С дейін көтеріледі.

Орта есеппен алғанда ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады.

«Наурыз айындағы орташа айлық температураның нормасы - 2,7 ° C, мұндай кезде наурыз айында күннің бірден жылынуы жағымсыз жағдайға жатады. Және дәл осы айда ауа температурасының қатты жоғарылау үрдісі байқалады. Мұндай кезде қыс бойы қордаланған қалың қардың бірден еру қаупі жоғары. Сондай-ақ, Алматыда жылу толқындарының қайталану жиілігі артып келеді, сондықтан қыстың соңы мен көктемнің басында ауа температурасының күрт жылынуынан қауіп артады», - деді Қазгидромет өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға