Жаңалықтар

Биыл Алматыда 1800-ден астам мопед айыппұл тұрағына қойылды

Биыл Алматыда 1800-ден астам мопед айыппұл тұрағына қойылды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 08.11.2024 17:17 412

Алматыда “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала жолдарында апатты жағдайды тұрақтандыру мақсатында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау бойынша бірқатар шаралар атқарылды. Қаладағы жазатайым оқиғалардың жай-күйіне көліктердің баламалы түрлерінің: мопедтер мен электрсамокаттардың танымал болуы әсер етеді.

Талдау көрсеткендей, жыл басынан бері мопедтің қатысуымен 930 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 953 адам зардап шекті, тағы 15 адам қаза тапты. Ал қалада самокаттардың қатысуымен 127 ЖКО болды. 133 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Сондай-ақ жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 31894 мопедист пен 28 мың 762 самокат пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1800-ден астам мопед қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға