Биыл 600 мың қазақстандықтың жалақысы 20 пайызға өседі
2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалақыны көтеру келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерге әсер етеді:
Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көбейеді. Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды, - деп хабарлайды министрлік.
Мәселен, сарапшылар 2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге өсетінін түсіндірді.
Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық Банк айқындаған инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінің мөлшері 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақылар – 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.