Жаңалықтар

Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстікке қоныс аударды

Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстікке қоныс аударды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 17.07.2023 17:30 1087

Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) қабылданды. Тұжырымдаманың бір бағыты – бұл қоныс аудару бағдарламаларын қайта қарау есебінен жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті теңестіру үшін қазақстандықтардың ішкі ұтқырлығын ынталандыру, - деді Үкімет басшысы Сенат депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Оның атап өтуінше, қазір ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара жүзеге асырылып жатыр.

Мәселен, 2023 жылы 8 652 адамды көшіру жоспарланып, осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 4 140 адам немесе жылдық жоспардың 48 пайызы (қандастар 1 032 адам және қоныс аударушылар 3 108 адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды, - деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға