Жаңалықтар

Биыл 15 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті
Биыл 15 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: turkystan.kz 28.11.2022 12:03 1817

Биылғы 1 қарашаға дейін елімізде 15 637 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабаралайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (65,2%) Өзбекстаннан, 9,2% – Қытайдан, 8,8% – Ресейден, 8% – Түрікменстаннан, 4,8% – Моңғолиядан және 4% басқа елдерден оралған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (9%), Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды.

«Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,7%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 39%-ы орта кәсіби білімді, 43,1%-ы жалпы орта білімді және 1,9%-ының білімі жоқ», - деп жазды ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға