Биыл 14 мың шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz
27.12.2022 14:11
875
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Рұқсат алған шетел азаматтар біздің қадағалауымызда, олар елдегі қазақстандық немесе шетелдік компанияларда жұмыс істейді. Биыл 14 мың шетелдік маманға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді. Олар жұмыс істейді және міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Ресей азаматтарына да қатысты ақпарат ұсынылды – олардың саны 22 мыңнан сәл асады, олар да міндетті зейнетақы жарнасын төлейді», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шәкәрім университетінде ғылыми-зерттеу орталығы ашылды