Жаңалықтар

Биыл 13,4 мың шақырым электр желілерінде жөндеу жұмыстары аяқталды - Энергетика министрлігі

Биыл 13,4 мың шақырым электр желілерінде жөндеу жұмыстары аяқталды - Энергетика министрлігі
Фото: t.me/KZgovernment 20.08.2024 11:30 384

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жүйелік оператор бекіткен электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 2024 жылы 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланғанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әртүрлі кезеңдерде 1 энергоблокта, 28 қазандықта, 22 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 4 энергоблокта, 21 қазандықта және 17 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.

Электр желілерінде 2024 жылы жалпы ұзындығы шамамен 20,8 мың км электр беру желілерін, 423 бірлік жоғары вольтты қосалқы стансаларды күрделі жөндеу жоспарланған. 13,4 мың км электр беру желілері мен 277 қосалқы станса, 2 292 тарату пунктінде жөндеу жұмысы аяқталды, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министрдің сөзінше, энергия көздерінің отын қоймаларында 3,7 млн ​​тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған.

15 тамыздан бастап күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау басталды және отынның нормативтік қорының болуы оны алу шарттарының бірі болып саналады, – деп мәлімдеді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Бүгінгі таңда энергия көздерінің қоймаларында 3,7 млн тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. Сонымен қатар, министрлік қыркүйек айынан бастап 256 мың тонна көлемінде «әлеуметтік» мазутты жеткізу кестесін бекітті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға